Freedom Holding Corp.: 2024 жылғы қайырымдылық қызметінің қорытындыларын жариялады

2024 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp.

Freedom Holding Corp. қайырымдылық және демеушілік бастамаларды қаржыландыруға 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. БҰҰ Жаһандық келісімінің қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жобаларды қаржыландыру критерийлері тұрақты дамудың ұлттық және халықаралық бастамаларының бағыттарына сәйкес жасалды. Осылайша, Компания мәдениет пен спортты дамытуға үлес қосып, білім алуға жаңа мүмкіндіктер жасайды, жастар стартаптарын, әлеуметтік және экологиялық жобаларды қолдайды, сондай-ақ қоршаған ортаны қалпына келтіру және қорғау жөніндегі бастамаларға белсенді қатысады.

Қаржылық қолдау алған ондаған жобаның ішінен ең ірі бесеуі спортты, білім беруді ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі су тасқынының салдарын жоюға арналды. Осы жобаларға жалпы демеушілік көмектің 30%-ы (шамамен 12 млрд теңге) тиесілі.

Қазақстан шахмат федерациясымен ынтымақтастық – 4,5 млрд теңге

Осы жылдың ішінде көрсетілген қаржылық қолдаудың арқасында Федерацияның жұмыс істеп тұрған командасының әлеуеті күшейтіліп, мыңдаған шахматшы, гроссмейстер және жетекші жаттықтырушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен осы жобаға тартылды. Сондай-ақ шахмат секциялары мен турнирлер саны артты, жаңа чемпиондар тәрбиелеуге және өңірлерде шахматты дамытуға негіз қалаған материалдық-техникалық жағдайлар жасалды.

KazChess

2024 жылы таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізілді: елде әлемнің әйгілі гроссмейстерлерінің басым көпшілігі болып қайтты, Қазақстан Азия, әлем чемпионаттарында және халықаралық ойындарда жеңіске жетті. Қазақстандықтар FIDE World Cadet, World Youth және 45-ші шахмат олимпиадасын қоса алғанда, 21 турнирде өнер көрсетіп, жалпы алғанда U8-ден U18-ге дейінгі санаттарда 123 медаль (43 алтын, 43 күміс, 37 қола) иеленді.

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны – 2,9 млрд теңге

2024 жылғы наурыз айында Батыс Қазақстан облысында болған су тасқыны соңғы жылдардағы ең ірі апаттардың біріне айналды: облыс аумағында шамамен 250 үйді су басып, 2,8 мыңнан астам адам эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Freedom Holding Corp. «Демеу Казакстан коры» корпоративтік қорының шотына 2,9 млрд теңге аударды. Бұл қаражат су тасқынының салдарын жоюға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және қорғаныс плотиналары мен дамбаларды салуға бағытталды.

Бұдан бөлек, су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған азаматтарға көмектесу үшін Freedom Holding Corp. қызметкерлері 161 млн теңге мөлшерінде қаржы жинады, бұл қаражат балаларға көмек ретінде жолданды.

Спорттық бағдарламалау чемпионаты (ICPC) – 2 млрд теңге

Биыл Freedom Holding Corp. Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы мен IT саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – ICPC World Finals 2024-тің Астанадағы финалының Бас серіктесі болды. Қазақстан үшін бұл шара елдің Орталық Азиядағы IT-хаб ретіндегі позициясын нығайту жолындағы маңызды қадамға айналды. Чемпионат аясында спорттық бағдарламалауды қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру перспективалары талқыланып, бүкіл өңір жастарына жаңа мүмкіндіктер ашылды.

FRHC-тің қолдауымен Қазақстанның түрлі өңірлерінде Федерацияның 11 өкілдігі ашылып, 400-ден астам студент пен оқушы білім алуға мүмкіндік алды, ал 592 информатика пәнінің мұғалімі Федерацияның білім беру бағдарламаларына қатысты.

SDU University-дегі оқу корпусын салу – 1,3 млрд теңге

2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы SDU University-де Freedom Holding Corp.-тың қолдауымен 5,6 мың шаршы метрден астам аумақты қамтитын жаңа оқу блогының құрылысы басталды. Компания бұл жобаға жалпы 1,8 млрд теңге бөліп, оның 1,3 млрд теңгесін 2024 жылы аударды. Жоспарға сәйкес, жаңа заманауи оқу корпусы финтех-инновациялар саласындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған хабқа айналып, оның аумағында Freedom Space аймағы құрылмақ.

Бұл аймақта робототехника, киберқауіпсіздік, спорттық бағдарламалау және машинамен оқыту бағыттарында AI-лабораториялар ашылады. Студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелік машықтарын жетілдіріп, жасанды интеллект технологияларын түрлі қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

QJ League-пен футболды дамыту – 1,1 млрд теңге

QJ League құрылған сәтінен бастап Қазақстанда футболдың дамуына зор серпін беріп келеді. Freedom Holding Corp. жалпы 5,9 млрд теңге бөліп, оның ішінде биыл 1,1 млрд теңге аударды. Соның арқасында чемпионаттарды ұйымдастырудың, ойыншыларды дайындаудың және жарыстарды өткізудің сапасы жаңа деңгейге көтерілді, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командаларды Лигаға тартуға қол жеткізілді.

Лига жас ойыншыларға әлемдік деңгейге жақындауға және өздерін футболдың нағыз маманы ретінде сезінуге мүмкіндік береді: матчтар апталық циклде өтіп, командалар ұшақпен тасымалданады, ең үздік қонақүйлерде орналасады және толыққанды тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай жас футболшылардың шынымен дамып, кәсіби өсуіне жол ашады.

"Freedom Holding Corp.: 2024 жылғы қайырымдылық қызметінің қорытындыларын жариялады" - Dknews.kz, 26.12.2024
Жарияланған күні
26 Желтоқсан 2024
Бөлісу