«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер құру туралы келісімді» іске асыру шеңберінде елордада Қазақстан-француз мектебін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға, сондай-ақ француз тілі мен мәдениетін тереңдетіп оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. "Freedom Шапағат" КҚ болашақта оқушыларға халықаралық стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндік беретін және болашақ ұрпақ үшін жаңа перспективалар ашатын жобаны іске асыруға қолдау көрсетеді.