UNDP

Тұран жолбарысын реинтродукциялау және оның табиғи ортасын, сондай-ақ Ұлытау тау алабының тарихи-мәдени нысандарын сақтау жөніндегі бастама аясында "Freedom Шапағат" КҚ-ның көмегімен Turan Jolbarysy арнайы картасын шығаруды қамтитын жоба іске қосылды. Бұл карта өз иелеріне жоғары кэшбек ұсынады, оның бір бөлігі автоматты түрде Тұран жолбарысын сақтау және оның мекендеу экожүйесін қорғау жөніндегі жобаны қолдауға жіберіледі. Жоба осы сирек кездесетін түрдің популяциясын қалпына келтіруге, сондай-ақ Қазақстан мен әлемдік қоғамдастық үшін маңызды Ұлытау өңірінің тарихи және табиғи мұрасын сақтауға бағытталған.