Қор туралы

"Freedom Шапағат" корпоративтік қоры ESG-жобаларды іріктеу және сүйемелдеу процесін оңтайландыру мақсатында құрылған. Қор өзінің инвестициялық стратегиясының негізгі бағыты ретінде экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларына бағдарланады.

Біздің мақсатымыз
01

БҰҰ-ның орнықты даму және қаржылық орнықтылық мақсаттары негізінде Қор жобаларының қоржынын басқару

02

Freedom Holding Corp. демеушілік және қайырымдылық қызметін орталықтандыру.

Орнықты даму саласындағы бастамалар

2023 жылдың ақпанында Freedom Holding Corp. БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына адалдығын растай отырып, БҰҰ Жаһандық Шартына қосылды. Компания қоғамдастықтар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, қаржы нарықтары мен банк қызметтеріне қол жеткізуге, экономикалық құндылық, жұмыс орындарын құруға және жауапты іскерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың қарашасында "Freedom Шапағат" ҚФ да БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болды. Қор өзінің қатысуы шеңберінде БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты салалардағы стратегиясы мен қызметін 10 басты қағидатына сәйкес келтіру жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарында (БҰҰ ОДМ) көрсетілген мақсаттары мен бастамаларын қолдау жөніндегі міндеттемелерді алады.

+60
жоба
22
Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқаларды қоса алғанда, қатысатын 22 ел бар.
Қызметтің басым бағыттары

Қор әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтуді қолдайды, ғылыми зерттеулерді қолдайды, оң әсер ету әлеуетін арттырады, білім беруде мүмкіндіктер жасайды және мәдени бастамалар мен спортты дамытуға ықпал етеді. "Freedom Шапағат" корпоративтік қоры инновациялық және ESG-жобалар үшін демеушілік қайырымдылық көмектің операторы болып табылады. Қор үйлестірілген өңірлік дамуға ықпал етеді, "жасыл" экономика қағидатын қолдайды және оған сәйкес әрекет етеді, қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша күш-жігер жұмсайды, әртүрлілікті, тұрақтылықты және орнықтылықты көтермелейді.

+10млн
адам қамтылды* (2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің жобаларымыз туралы білген адамдар саны)
+41млрд
қайырымдылық және демеушілік бастамаларды қаржыландыруға бағытталды (2024 жылдың қорытындысы бойынша)
Қамқоршылық кеңес

Қордың құрылтайшысы Freedom Holding Corp. болып табылады. "Freedom Шапағат" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесі - бұл филантропиялық, қайырымдылық, коммерциялық, қаржылық және заңгерлік дағдылары мен тәжірибесінің кең спектріне ие, өз ісіне адал кәсіби мамандар.

Тимур Турлов
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры.
Сергей Лукьянов
Директорлар кеңесінің төрағасы
Адил Кожихов
Президент кеңесшісі
Команда
Бағлана Мусина
"Freedom Шапағат" КҚ Президенті
Дильда Наурызбаева
«Freedom Шапағат» КҚ басқарушы директоры
Руслан Джумашев
Жобалық менеджер
Жұлдыз Басыбекова
Жобалық менеджер
Айдана Жанәділова
Жобалық менеджер
Александр Осипов
АйТи жобаларының кіші менеджері
Юрий Долгов
PR-менеджер
Маржан Нұрханқызы
Бухгалтер
Махмет Халима
Іс жүргізуші