Орнықты даму саласындағы мақсаттар (ОДМ) (ағылшынша Sustainable Development Goals (Mdgs)) - 2015 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы "баршаға жақсы және неғұрлым орнықты болашаққа қол жеткізу жоспары" ретінде әзірлеген өзара байланысты 17 мақсаттың жиынтығы. Бұл мақсаттар Бас ассамблеяның "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі" қарарында көрсетілген және олар Мыңжылдық даму мақсаттарын алмастырды. Бас ассамблеяның "Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібі" қорытынды құжатында 17 жаһандық мақсат пен 169 тиісті міндеттер бар.
Әр түрлі аспектілер мен деңгейлерде кедейлікті жоюға және қоғамның тең және тұрақты дамуына ықпал ету.
Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды жақсарту және ауылдың тұрақты дамуы.
Халықтың денсаулығын жақсарту, өлім-жітім мен сырқаттану деңгейін төмендету, сондай-ақ физикалық және психикалық салауаттылыққа қол жеткізу үшін жағдай жасау.
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқытудың барлық мүмкіндіктеріне жәрдемдесу.
Жынысына қарамастан барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Барлығына қауіпсіз ауыз су мен санитарлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Энергияға қолжетімділікті жақсарту және анағұрлым орнықты энергия көздеріне көшу.
Жұмыс орындарын құру, экономикалық өсімді арттыру және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
Орнықты инфрақұрылым құру, инклюзивті және орнықты өнеркәсіпті ынталандыру және инновацияларға жәрдемдесу.
Кірістер, мүмкіндіктер мен ресурстарға қол жетімділіктің теңсіздігін азайту.
Орнықты және тіршілікке қабілетті қалалар мен қоныстар құру.
Қалдықтарды азайту, ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты тұтыну.
Адам қызметінің климатқа әсерін төмендету және климаттың өзгеруіне бейімделу.
Теңiз экожүйелерi мен ресурстарын қорғау және басқару.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау және құрлық экожүйелерін тұрақты басқару.
Бейбітшілікті, қауіпсіздікті, әділеттілікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіп институттарын нығайту.
Орнықты дамудың барлық мақсаттарына қол жеткізу үшін жаһандық ынтымақтастықты нығайту және серіктестік.