2025 жылғы 4 наурызда дүйсенбі күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы бұрыштама қабылдады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі атап өткендей, БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығын құру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы айтылған бастамасын іске асыруда маңызды қадам болып табылады.
Мұндай орталық құру - расымен де өңірдегі маңызды экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін негізгі әрі заманауи қадам болып отыр. Үкімет, азаматтық қоғам және бизнес бұл мәселелерді шешу үшін көп жұмыс атқаруда әрі мұндай іс-әрекеттің үйлестірілуі маңызды. Президент Тоқаев бұл бастаманы ұсынған кезде Қазақстан өңірдегі ең ірі экономика болғандықтан, Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі болып отырғанын атап өтті.
Егер бірлесіп жұмсаған күш-жігер айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін негізгі салаларды айтсақ, онда мынадай бірнеше негізгі салаға назар аударуға болады.
Ең алдымен, бұл - экология және климат. Біздің су жолдары сияқты ортақ табиғи ресурстарымыз бар, оны бірлесіп басқару қажет. Өңірлік орталық арқылы құрғақшылыққа, шөлейттенуге және ауаның ластануына қарсы күрес жөніндегі жобаларды үйлестіріп, сондай-ақ «жасыл» технологияларды енгізуге болады. Екінші бағыт - экономика және инфрақұрылым. Көлік жолдарын дамыту, цифрландыру және «жасыл» энергетика келісілген іс-әрекетті талап етеді. Бірлесіп атқарылатын жұмыстың көмегімен көбірек инвестиция тартып, бәріне тиімді шешімдер табуға болады.
Үшінші маңызды сала - білім. Технологиялардың жылдам дамуы және жаңа құзыретке деген қажеттілік сияқты заманауи сын-қатерлер сапалы білімнің негізгі орнықты даму факторына айналатынын көрсетіп отыр. Заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу процесіне цифрлық технологиялар енгізу және халықтың барлық тобына білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру Орталық Азияның әлеуетін айтарлықтай күшейтуі мүмкін.
Денсаулық сақтау саласын да ерекше атап өткен жөн. Пандемия және басқа да жаһандық дағдарыстар көрсеткендей, елдер бірге жұмыс істей отырып, ұқсас сын-қатерлерге тиімдірек төтеп беруде. Медициналық технологияларды дамыту, денсаулық сақтау жүйелерін нығайту және тәжірибе алмасу үшін бірлескен күш-жігердің арқасында өңір болашақтағы сын-қатерлерге неғұрлым орнықты бола алады.
Сонымен бірге, теңдік, халықтың осал топтарына қолдау көрсету және теңсіздікті азайту сияқты әлеуметтік саланы да ұмытпаған жөн. Бұл жерде Өңірлік орталық сәтті практикамен алмасу алаңы болуы мүмкін.
Freedom Holding Corp. (FRHC) компаниясы ОДМ-ны Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде ілгерілетуде көшбасшылардың бірі болып табылады. Бірнеше жыл бұрын холдингте үлкен ESG трансформациясы басталды, осы уақыттың ішінде құрылымда орнықты даму жөніндегі бас директор лауазымы ашылды, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған көптеген жоба іске асырылды.Екі жыл бұрын FRHC компаниясы БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды, аталған шарт бүкіл әлемнің компанияларын өз стратегиясы мен қызметін адам құқықтары, еңбек, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 10 жалпыға бірдей қағидатқа сәйкес келтіруге және ОДМ-ны іске асыру үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Біз үшін бұл - бизнесті неғұрлым жауапкершілікпен жүргізуге деген саналы қадам болып отыр. Біз орнықты дамуды ресмилік деп емес, маңыздылығын жоғалтпайтын және ұзақ мерзімді құндылық жасағысы келетін компаниялар үшін қажеттілік екенін түсінеміз.
Біріншіден, БҰҰ ЖШ-ның 10 қағидатын енгізіп, оларды FRHC бизнес процестерінің бөлігі ету үшін, біз Адам құқықтары жөніндегі саясат пен ESG саясатын қабылдадық.
Екіншіден, біз қызметкерлердің құзыретін дамытамыз. Холдингтің мамандары экологиялық және әлеуметтік қағидаттарды бизнес процестеріне тереңдетіп интеграциялау үшін, SDG Ambition Accelerator және Climate Ambition Accelerator бағдарламаларын ойдағыдай аяқтады. Қазіргі уақытта қызметкерлер Орталық Азия елдері үшін «Бизнес және адам құқықтары» (Business & Human Rights) акселераторының шеңберінде оқу курсына қатысуда.
Үшіншіден, біз шынайы өзгерістер әкелетін жобаларға қолдау көрсетеміз. Freedom Shapagat корпоративтік қоры арқылы неғұрлым орнықты қоғамның қалыптасуына көмектесе отырып, экология, білім беру және спорт саласындағы бастамаға демеушілік көрсетеміз.Дегенмен, біз үшін бұл жеткіліксіз. Біз өзімізде орнықты практиканы енгізіп қана қоймай, сондай-ақ басқа да компанияларға шабыт беруге ұмтыламыз. Сол үшін де, БҰҰ ЖШ желісінің Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесін ашуға бастамаға жасадық. Бұл бизнес пен мемлекетке жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш-жігерін біріктіруге көмектеседі.
FRHC компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов бизнес қоғамдастығының басқа өкілдерімен және БҰҰ Жаһандық шартының өкілдерімен бірлесіп, 2023 жылғы күзде БҰҰ ЖШ-ның Орталық Азиядағы Консультациялық комитетінің негізін қалаушылардың қатарында болды. Былтырғы жылғы мамырда оның төрағасы болып тағайындалды, ал сол жылы күзде БҰҰ ЖШ-ның халықаралық Көшбасшылар саммитіне қатысты. Тимур Турлов Комитетте төрағалық еткен уақытта ауқымды іс атқарды: БҰҰ-ның ЖШ-ға қатысушы компанияларының саны Қазақстанның өзінде кемінде төрттен бір бөлігіне ұлғайды. Консультациялық кеңес алғашқы қадам болды, оның шеңберінде БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығын құру үшін ауқымды бірлескен жұмыс атқардық және біз мұнымен тоқталып қалмаймыз.
Біз Қазақстанда ОДМ-ға қол жеткізуге ықпал ететін жобаларды, оның ішінде өзіміздің басқа еншілес құрылымдарымыз арқылы белсенді қолдаймыз. 2023 жылдың басынан бастап Freedom Holding Corp. еліміз үшін 44,5 млрд теңге сомасына 120-дан астам маңызды шарттық міндеттемені қолдады. Біз оларды нақты ОДМ-мен дәл байланыстырамыз. Мысалы: Қазақстан шахмат федерациясымен ынтымақтастық, QJ League-мен футболды дамыту және инклюзивті спортты қолдау 3 – «Мықты денсаулық және әл-ауқат» ОДМ-ға сәйкес келеді. Teach for Qazaqstan жаһандық бағдарламасына және IBO – ОДМ 4 – «Сапалы білім» биологиядан халықаралық олимпиадаға демеушілік қолдау көрсету.
Орал қаласындағы ботаникалық бақ пен спорт кешенінің құрылысын қаржыландыру және Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Опера және Балет Театры – ОДМ 9 – «Индустрияландыру, Инновация және Инфрақұрылым» қайта құрылысы жүргізілді.
Арал теңізінің құрғап қалған түбінің экожүйесін қалпына келтіру жөніндегі жобаны қаржыландыру – ОДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес».
Freedom Holding Corp. компаниясының қаржылық қолдауының арқасында жастар үшін олардың спорттағы жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары ашылуда, оқыту үшін заманауи материалдық-техникалық жағдайлар жасалуда, еліміздің қалалары мен ауылдарында білім берудегі теңсіздік қысқаруда, студенттердің дарыны мен әлеуеті ашылуда, заманауи спорттық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылуда, халықаралық чемпионаттар өткізілуде, жүздеген жұмыс орны ашылуда, шетелдік мамандар тартылып, еліміздегі өңірдің экожүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде және т б.
Осының нәтижесінде қазақстандықтардың өмір сүру жағдайлары жақсарып, білім сапасы артып, сондай-ақ кәсіпкерлік пен әлеуметтік белсенділік үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Біздің күш-жігеріміз бүкіл Қазақстан үшін неғұрлым орнықты болашақты қамтамасыз ете отырып, экономика мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
"«БҰҰ-ның ОДМ жөніндегі Өңірлік орталығы болашағымызды қалайша неғұрлым орнықты ете алады және оған Freedom-ның қандай қатысы бар» - kursiv.media, 07.03.2025" - kursiv.media, 03.03.2025