"Қазақстан тарихы" академиялық көптомдығы.
Жоба Қазақстанның тарихи мұрасын ашуға бағытталған және еліміздің мәдени және ғылыми байлығын дәріптеуге ықпал ете отырып, негізгі оқиғалар мен дәуірлерді қамтиды.Әрбір томға ғылыми басшылықты Қазақстанның бес жетекші ғылыми-зерттеу институты жүзеге асырады: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А.Марғұлан атындағы Археология институты, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Мемлекет тарихы институты. Жобаға Қазақстан, Ресей және басқа да елдерден тарих ғылымы мен сабақтас пәндерді ұсынатын 400-ден астам маман тартылған.Ғылыми-редакциялық алқаның құрамына ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен мемлекеттік мұрағаттың басшылары мен қызметкерлері, тарихшы-ғалымдар мен сарапшылар кірді.