Бүгінгі шындықта әлемді өзгертуді мақсат етіп қойғанда сізге өзіңізді өзгертуге дайын болу керек. Сол себеппен «Freedom Шапағат» КҚ ресми түрде тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі корпоративтік бастама – БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болды.
Қосылу аясында Қор өзінің стратегиясы мен қызметін БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты салалардағы 10 негізгі қағидатына сәйкес келтіруге, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарында (БҰҰ ТДМ) көрініс тапқан БҰҰ мақсаттары мен бастамаларын қолдауға міндеттенеді.
Теңсіздікпен күресу, білім беру мен денсаулық сақтауды жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде қолдау бойынша жобаларын жүзеге асыра отырып, Freedom Шапағат КҚ БҰҰ-ның жақсы және тұрақты болашаққа қол жеткізу жоспарын қолдайды. Тиісті халықаралық деңгейде танылған қағидаттарды ескере отырып, Қор қол жеткізілген жетістіктер туралы жыл сайынғы ерікті қаржылық емес есептілікті қамтамасыз етеді.